Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, аурушаңдық азайды. Мәселен өткен тәулікте 1 жағдай анықталды.
Облыс бойынша инфекциялық стационарда 67 науқас ем қабылдауда деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов.
Сонымен қатар, бүгінде вакцинация және ревакцинациядан өту жұмыстары жалғасын табуда. Осы уақытқа дейін 110 164 адам ревакцинациядан өтті.
- Ауруларды медициналық бақылауға алу мерзімі 14 күннен 10 күнге азайған. Осыған байланысты соңғы 10 күндегі аурушаңдық көрсеткіші 21,8 % құрап, алдыңғы 10 күнмен салыстырғанда аурушаңдық 4 есеге төмендеп отыр, - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Ыдырысова.
Айта кету керек, 2021-2022 жылдарда оқу жылы басталғалы облыста 8181 КВИ ауруы тіркелген, оның 726-ы мектеп оқушысы. Карантинге жабылған сыныптар саны 305, оның 26-ы 3-ші тоқсанда жабылған.