Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БІРЛІК АУЫЛЫНДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

БІРЛІК АУЫЛЫНДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІАудан орталығынан 35 км қашықтықта орналасқан Бірлік ауылындағы тұрғын үйлерге өткен жылы ауыз су сервистік желісі тартылды. Округтегі халық саны 748 адам болса, экономикалық белсенділері 422 адам.
Ауылда 2 кәсіпкер азық-түлік саудасымен, 4 кәсіпкер жолаушы тасымалымен, 2 кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысады. 2015 жылы жылы «Даму» қоры арқылы 2 жоба дайындалды.
Ауылда жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында 1 жеке кәсіпкер жем дайындайтын шағын цех ашу және қоян-құс өсірумен айналысуда. 
Округ бойынша 705 бас мүйізді ірі қара, 1550 бас уақ мал, 287 бас жылқы бар. 
«Әбдір Боранбай» шаруа қожалығы «Алтын асық» бағдарламасы бойынша, «Шакизада» және «Күмісай» шаруа қожалықтары «Сыбаға» бағдарламасымен несие алу жұмыстарын қарастыруда. Сонымен қатар, «Ақарыс» ЖШС Қытай Халық Республикасының инвесторларымен бірлескен кәсіпорынын құрып, асыл тұқымды қой мен ешкі бордақылайтын кешен салуды жоспарлап отыр.Кешен іске қосылса ауылдағы 40-қа жуық жұмыссыз азамат тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: