Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтындағы кездесу

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты құрамында кафедралар жанынан құралған 4 орталық бар: Әлеуметтік-саяси және құқықтық зерттеулер орталығы; «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығы; «Кіші жастағы оқушыларға білім беру» ғылыми-педагогикалық орталығы; Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығы. Әр орталық ғылыми-зерттеу жобалары тақырыптарының жоспары және орталықтың жылдық жоспарына сәйкес жұмыс жасайды. Бүгін ғылыми жобалар мен орталық жетекшілері ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұрат Насимовпен кездесті.


Кездесу барысында ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ағымдағы мәселелер мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Әлеуметтік-саяси және құқықтық зерттеулер орталығының заманауи саяси тенденциялар, құқықтық өзгерістер,  құқықтық мәдениетті арттыру және әлеуметтік мәселелерді талдаған еңбектерге баға берілді. «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығының Сыр бойының рухани мұрасы бойынша мәдени, филологиялық және интеллектуалды аспектілерді қамтыған ғылыми жобасының ерекшеліктері баяндалды. «Кіші жастағы оқушыларға білім беру» ғылыми-педагогикалық орталығының педагогикалық әдістер, оқу бағдарламаларын әзірлеу және бастауыш сынып оқушыларына арнайы бағытталған білім беру психологиясы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған зерттеулеріне пікірлер айтылды. Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының  жоғары оқу орындарындағы білім беру, тәрбие жұмыстарының психологиялық мәселелері және осы мәселелерді шешудің стратегияларын әзірлеу бойынша ұсыныстар жасалды.
Жалпы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты ғылыми зерттеулердің түрлі аспектілерімен айналысатын 4 орталығы бар көп салалы институт. ҒЗИ әлеуметтік мәселелерді шешуге кешенді көзқарасты көрсете отырып, түрлі ғылым салаларындағы зерттеулермен айналысады. Әрбір орталықтың ғылыми жоба жоспары мен жылдық жоспар бойынша жұмыс істеуі нәтижелердің құрылымданғанын және ұйымдасқанын көрсетеді. Жоба жетекшілерінің осындай тұрақты кездесулері институттың үйлестіру және ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіреді. Осы тәжірибе институттың жалпы академиялық және ғылыми сапаға ықпал ете алатын берік негізді танытады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: