"Құрбандықты кешіктіріп шалғандықтан шығар": БҚО тұрғындары қыздың елесі жайлы әлі айтып жүр
Батыс Қазақстан облысында жұртты шулатқан елес жайлы әңгіме басылып қалған сыңайлы. Алайда жергілікті тұрғындардың арасындағы алып-қашпа әңгімелер әлі де кездеседі екен. Елді мекенде расымен елесе кезіп жүр ме? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.
Ел есіне Ханкөл десе, елес кезген ауылды еске алады. Осыдан біраз апта бұрын белгісіз бойжеткеннің аруағы жүр деген қауесет ел тұрғындар арасында желдей есіп, қазақстандықтардың қызу пікірталасына түскен еді.
Жергілікті тұрғындар алғашында елестің сұлбасын аспанға ұшқан дронмен шатастырғанын айтады. Алайда жақындай келе әлдебір дененің аяғы мен денесі бар екені көрінген. Бұдан басқа, елес жайлы түрлі әңгімелер кездеседі.
"Аудандық білім беру бөліміне Қостанайдан зат алып келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі бір елес жол бермей келе жатыр деп, біздің елді мекенге келгенде тоқтапты. Содан ауылдың кісілері жолығып, ауданға дейін жеткізіп тастап, ауданға мешіт имамына барғанда әлі кетпей тұр деген әңгімелер болды. Имамның оқуын оқығаннан кейін кетті деген әңгімелер де кездеседі", - дейді Жусандыой ауылдық округінің әкмі Талап Қазиев.
Бұған қоса, ол ауыл болып жыл сайын сойлатын құрбандықтың кешіктірілгенін атап өтті. Ел арасында тылсым елестің пайда болуын осымен де байланыстыратындар да бар екен.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы коронавирус жетпеген жалғыз ауыл осы Ханкөл екен. Дегенмен жұрттың мазасы індеттен емес, алып-қашпа әңгімелердің салдарынан кеткен. БҚО-да адамдарды қорқытқан елес өтірік болып шықты.