Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЖАҒА ТҰРҒЫНДАРЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

ШИЖАҒА ТҰРҒЫНДАРЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫБүгін  Арал ауданындағы есепті кездесу Октябрь ауылдық округінде жалғасты. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Шижаға ауылының тұрғындарымен жүздесті.
Есепті кездесуде ең алдымен ауыл әкімі Қ.Жұмашев 2016 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. 
2016 жылы елді мекеннің 2 шақырым жолын асфальттау және орталық көшені жарықтандыруға республикалық бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылған. Жер, көлік, мүлік салықтары 100 пайызға орындалған.
Жалпы округке қарасты Шижаға, Күршек елді мекендері «Қазақтелеком» байланысы мен ғаламтор желісіне қосылған. 
Округте бір типтік жобадағы мал тоғыту ваннасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, орталығында типтік жобада салынған мал қорымы бар. Қыркүйек айында Шижаға, Күршек елді мекендерінде қора-жай және малдарына Қырым-Канго гемморрагиялық қызбасына қарсы алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. 
Биылғы жылы Шижаға елді мекенінде жарықтандыру және елді мекеннің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту, кеңейту жұмыстары қолға алынбақ. Бұл жөнінде аудан әкімі М.Оразбаев хабарлап, атқарылған жұмыстарға жалпы 469 млн. 264 мың теңге қаржы бөлінгендігін атап өтті.
Есепті жиынға қатысқан тұрғындар ауқымды жобаның биылғы жылы қолға алынғандығына ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ, ауыл ардагерлері Елбасының үндеуіне қатысты пікірлерімен бөлісті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: