Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Қызылорда облысының Азаматтық альянсы»  қауымдастығының жаңа басшысы сайланды

«Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының онлайн режимде отырысы өтті.
Қауымдастықтың атқарушы директоры Э.Теңізбаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Бұған дейін Қауымдастықты басқарып келген Абдрахимова Сапура Зайтжанқызы денсаулығына байланысты Қауымдастық жетекшісі ретіндегі қызметін тоқтататындығын мәлімдеді. Өз кезегінде Сапура Зайтжанқызына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ә. Ахметтің Алғысы табысталды.
Қауымдастықтың жаңа басшысы лауазымына ҮЕҰ мүшелерінің бірауыздан қолдауымен  «Ұмай» сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің директоры ІЗДЕН Анар Жарылқасынқызы тағайындалды.
«Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы алдағы уақытта жаңа басшының басқаруымен өңірдегі азаматтық қоғамды дамыту, қоғамдық-саяси жағдайды нығайту бағытындағы жұмыстарды атқаратын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: