Қала мектептерінде 6154 ұстаз қызмет атқарады. Олардың 1820-сы 2017 жылы біліктілік арттыру курсынан өткізілді.
Биыл – 2410, 2019 жылы – 1907 мұғалім сол шараның игілігін көреді деп күтілуде. Жаңа бастама ұстаз еңбегін бағалау деп ойлаймын. Жасаған жұмысының нәтижесін көреді. Бастысы, олардың арасында біліктілікті көтеруде бәсеке қалыптасады. Сол арқылы жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады. Ұстаз – ұлт болашағының айнасы. Сондықтан мұғалімдердің абыройын асқақтата білсек, олар еліміз межелеп отырған қандай міндеттерге болса да жас ұрпақты дайындау ісінде аянбай еңбек етері анық.