Референдумға ерте келген азаматтарға сыйлықтар берілді
Қызылорда өңірінің тұрғындары маңызды саяси науқан республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Таңсәріден учаскеге ерте келген азаматтар үшін комиссия мүшелері сыйлықтар үйлестірді.
Айта кетейік, аймақта 380 референдум учаскесі бар. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Түскі 12.00-ге дейін азаматтар үйден дауыс беруге өтініш қалдыра алады.
Өңір бойынша 492 380 тұрғын дауыс берушілер тізіміне енген.