Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Полицияға бағынбаған азамат бас бостандығынан айрылды

Полицияға бағынбаған азамат бас бостандығынан айрылдыҮстіміздегі жылдың 7 айында полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың заңды талабына бағынбау, қарсылық көрсету және күш қолдану бойынша 14 факті тіркелді. Олар бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа жіберілді. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  
Мәселен, ағымдағы жылдың 22 қаңтарында сағат 17.30 шамасында Жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлері өздеріне белгіленген аумақта қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қызмет атқарып жүргенде, теміржол вокзалы алдында аялдауға тыйым салынған жерде тоқтап тұрған «МАЗДА» маркалы автокөлігін байқайды. Көлік жанына жақындап, жол қозғалысы ережесін бұзғанын түсіндірген полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, құжаттарын көрсетуден бас тартады. Тікелей қызметтік міндетін атқарып жатқан заң өкіліне балағат сөздер айтып, әкімшілік хаттама толтыру кезінде кедергі келтіріп, нысандық киімінің жеңін жыртқан. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы, 1-бөлігі, яғни Билік өкіліне бағынбау дерегі бойынша қылмыстық  іс қозғалып, сот шешімімен 1995 жылы дүниеге келген қала тұрғынына шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. 
Сондай-ақ, 2015 жылдың 4 сәуірінде Жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камерасының көмегімен барлау жұмыстарын жүргізу барысында Мұратбаев көшесі бойында «Нексия» маркалы автокөлігінің жолдың қарсы бағытына шығып, жол қозғалысы ережесін бұзғандығын байқайды. Жедел түрде осы аумаққа жауапты «Боран-9» экипажы қызметкерлеріне хабар береді. Полиция қызметкерлері аталған автокөлікті тоқтатып, құжаттарын сұрау барысында, 1990 жылы туылған қала тұрғыны билік өкілінің заңды талабына бағынбай, қатты жылдамдықпен жүріп кетеді. Нәтижесінде, полиция кіші сержантын 10 метрдей қашықтыққа дейін сүйретіп, бірнеше дене жарақаттарын салады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 1-бөлігі, яғни Билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.   
2015 жылдың 30 мамырында сағат 02.55 шамасында Қызылжарма қыстағы, Сексенбаев көшесінің бойында жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен жылдамдықты шамадан тыс асырғандығы үшін «Мерседес Бенц» маркалы автокөлігі тоқтатылады. Жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы түсіндіріліп, құжаттарын талап ету барысында автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерінің талабына бағынбай, басынан бөтелкемен ұрып, дене жарақатын салады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 1-бөлігі (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлі азаматқа қатысты сот өкімімен шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айыру шешімі шығарылды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: