Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада туризм аясы кеңейді

2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы облысқа келушілердің саны 11 420 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 44,7% - ға төмендегені байқалып отыр.
Сонымен қатар, облыста 1 460 нөмірлік қоры бар 109 қонақ үй орналасқан. Бір жолғы сыйымдылық 3 485 төсек-орынды құрайды. Көрсетілген кезеңде 11 420 адамға қызмет көрсетіліп, жалпы көлемі 215,8 млн. теңгені құрады.
Бұдан бөлек облысымызда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында инвестицияның жалпы сомасы 6 млрд. 361 млн. теңгені құрайтын 30 нысан пайдалануға берілді (оның ішінде 15-і интернетке қосылған, POS-терминалдармен төлеу мүмкіндігі бар). 737 тұрақты жұмыс орны құрылды. 
Қолданыстағы 30 нысанның 19-ы «Google maps» және «Yandex карта» жүйесіне енгізілген. Айта кету қажет, іске қосылған жобалардың барлығы жоба бастамашыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: