Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ЕҢБЕК ЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАЗАЛЫДА ЕҢБЕК ЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІСоциалистік Еңбек Ері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Кәрібоз Әлимаевтың 80 жасқа толған мерейтойы Қазалы ауданында салтанатты жағдайда аталып өтті. 
Жиында аудан әкімі Нажмадин Шамұратов мерейтой иесіне сый-құрмет көрсетті. Одан әрі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Имандосов, аудандақ ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов, Тасарық, Қарашеңгел, Бозкөл ауылдық округтерінің ақсақалдары, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің ұжымы К.Әлимаевтың ел үшін жасаған ерен еңбегінің бүгінгі ұлы көштің үлкен легіне айналып келе жатқан жастар үшін үлгі-өнеге екенін жеткізіп, Еңбек ерін мерейтойымен құттықтады.
Шара соңында Кәрібоз ақсақал жастық шағы мен еткен еңбегі жайлы сыр шертіп, жастарға баянды болашақ тіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: