Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӘСІПКЕР 58 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРЫЗЫН АЛАТЫН БОЛДЫ

КӘСІПКЕР 58 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРЫЗЫН АЛАТЫН БОЛДЫКәсіпкерге 58 млн.теңгеге жуық қарызы қайтарылатын болды. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев айтты. 
Өткен жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қызылордалық «Конструктив» ЖШС құқығын қорғау жөнінде өтініш жазған болатын. Өтініште кәсіпкер 2014 жылы «Игілік» Корпоративтік Қорымен Қызылорда қаласында 3000 орындық ипподром салу жөнінде келісім шартқа қол қойғандықтарын айтқан. Шартқа сай кәсіпкер 2015 жылдың 12 қазанына дейін барлық жұмыстарды атқарып, мемлекеттік комиссиямен қабылданады. Алайда Корпоративтік қор тапсырысты орындаушының алдында міндеттемесін орындамай, «Конструктив» ЖШС-не 57 965 987 теңге қарыз болып қалады. Кәсіпкерді алаңдатқан мәселе қаржының қай уақытта төленетіндігіне қатысты тапсырыс берушінің нақты жауап бермеуі.
Осы ретте, Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұраған серіктестік басшысына заңгерлер көмек көрсетіп, «Игілік» Корпоративтік қорымен келіссөз жүргізді. Нәтижесінде қос тарап келісімге келіп, Қор жақын күндері қарызын өтейтін болып келісті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: