Байқоңыр қалалық сотында сотталушы П.-ға қатысты ҚР ҚК 104-бабы 2-бөлігі «д» тармағымен қозғалған қылмыстық ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы П. кафе жанындағы автотұрақтан бірінші кездескен машинаға отырады. Такси жүргізушісі бірнеше қадам жерде тұрған арасында В.-да бар үш жігіттің алдына тұрып алуынан автотұрақтан шыға алмайды. Автокөлік терезесін ашып, сотталушы П. жігіттерге жолдан былай тұруға өтініш жасайды. Алайда, В. автотұрақтан шығатын жолды қолымен нұсқап көрсетеді. Сотталушы П. автокөліктен шығып, В.-ға қарай барып, көзінің тұсынан қолымен екі рет және оң қолымен жақ тұсынан бір рет ұрып, жәбірленуші В.-ның денсаулығына зақым келтірген.
Сот үкімімен, П. ҚР ҚК 104-бабы 2-бөлігі «д» тармағымен кінәлі деп танылып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын алды. Үкім заңды күшіне енбеген.