Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КҮРЕ ЖОЛЫ БОЙЫНДА СЕРВИСТІК КЕШЕН АШЫЛДЫ

КҮРЕ ЖОЛЫ БОЙЫНДА СЕРВИСТІК КЕШЕН АШЫЛДЫ

 

Бүгін, 30 қаңтар күні Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қызылорда» жол бойы сервистік кешенінің ашылуы өтті. 
Жеке кәсіпкер «Гейдаровтың» «С» санатындағы «Қызылорда» жол бойы сервистік кешені «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 1803-шақырымында орналасқан. ЖК «Гейдаров» директоры Муслим Мұзапаровтың айтуынша, жобаның құны 300 млн. теңгені құрайды. Кешен кәсіпкердің жеке қаржысына салынған. Жоба пайдалануға берілген жағдайда 25 жаңа жұмыс орны ашылады. Жер телімінің жалпы аумағы – 2 га, құрылыс көлемі – 1,8 мың шаршы метрді құрайды. Кешенде 17 бөлмелі қонақ үй, 85 орындық дәмхана, автобөлшектер мен азық-түлік дүкені, желімдеу, көлік жуатын орын, душ және жүк көліктері мен жеңіл автокөліктерге арналған тұрақ болады. 
Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жол бойы инфрақұрылымының маңыздылығын атап өтті және кешен басшысына сәттілік тіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: