Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағаш диқандары егінге орақ салды

Жалағаш диқандары егінге орақ салдыБиыл Жалағаш ауданы бойынша алғашқы болып «Сәрке батыр» ЖШС-і күрішке орақ салды. Алғашқы егін орағына аудан әкімі Т.Дүйсебаев қатысып, дихандарға егіннің мол болуымен қырманның күрішке толуына табыс тілеп, алғашқы орақ лентасын қиды
Сәрке батыр ЖШС-і ауыл ардагері Ж.Адамбаев батасын беріп, сәттілік тіледі. «Сәрке батыр» ЖШС-і биыл барлығы 2269 гектар жерге егіс орналастырды. Оның ішінде, 1621 гектары күріш, 107 гектары мақсары, 107 гектары жаңа жоңышқа, 434 гектары ескі жоңышқа дақылдары. Ал, егін жинау жұмыстарына қатысатын техникалар: жаткалар – 10, комбайндар – 25, доңғалақты тракторлар – 24, трактор тіркемелері – 12, автомашиналар – 7. Астықты түсіріп, кептіретін және тазартатын 1 қырман жұмыс жасайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: