Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қауын мен қарбызды жеуге болатын тамаша әдіс

Федералды биомедициналық агенттіктің профессоры және диетологы Маргарита Королева қауын мен қарбызды қай уақытта жеген дұрыс екендігі жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол негізгі тағамнан кейін тәтті жемістерді десертке жеуге болмайды деп түсіндірді. Қауынды бөлек тағам ретінде жеген жақсы. Сонымен қатар, оны қалыпты мөлшерде жеу керектігін атап өтті. Оның айтуынша, бір уақытта 300 граммнан астам қарбыз жеуге болмайды.
"Егер адам күндіз әртүрлі тағамдарды жесе, және ол таңғы, түскі және кешкі асты уақытылы ішсе, ал тағам құрамында жануарлар мен өсімдік өнімдері болса, онда қарбызды осы тамақтану арасында жеу керек", - дейді Маргарита Королева.
Диетолог қауынды басқа тағамдардан мүмкіндігінше ұзақ уақыт өткеннен кейін жеу керек деп қосты. Ол бұл жемісті көмірсулар алмасуы бұзылған және салмақ қосуға бейімі жоғары адамдарға ұсынбайды. Ол қауынның жоғары гликемиялық индексіне байланысты.
"Ешкім қауынның тағамдық құндылығын төмендетпейді, бірақ оның қарбызға қарағанда гликемиялық көрсеткіші жоғары, егер адам басқа тағамдармен бірге қауын жесе, салмақ қосуы әбден мүмкін", - дейді диетолог.
Бұған дейін диетолог Елена Соломатина қауын жеуге кеңес берілмейтін адамдардың бірнеше тобын атады. Қауынды екі жасқа толмаған балаларға беруге болмайды, себебі бұл асқазанның бұзылуына әкелуі мүмкін, дейді сарапшы. Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдары мен қант диабеті аурулары болған кезде оны жемеген жөн.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: