Сотталушы К. «Шкода» қызметтік автокөлігімен қасында болған жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге Қызылорда қаласында орналасқан саунаға келіп, жәбірленуші А.-ны саунадан шығарып, автокөлікке отырғызып алған. Оданк кейін облыстық наркология орталығының уақытша бейімдеу орталығына апарып қамаған.
Сол жерде сотталушы К. жәбірленуші А.-ның әмиянында болған 143 000 теңге ақшасының 100 000 теңгесін және 2 дана алтын сақиналарын жасырын түрде пайдақорлық мақсатпен алған. Осылайша оған зиян келтіріп, мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті, лауазымды адам бола тұра, өзіне пайда мен артықшылық алған. Осының салдарынан басқа адамдарға зиян келтіру мақсатында, қызмет мүдделерін кереғар пайдаланып, азаматтардың мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде бұзып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысты жасаған.
Сот сотталушы К.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танып, 2 жылға құқық қорғау органында лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 852 000 (бір миллион сегіз жүз елу екі мың) теңге айыппұл салды және ішкі істер органымен берілген кіші сержант арнаулы шенінен айырды.