Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛАДА ҚҰРЫЛЫСШЫҒА СҰРАНЫС ЗОР


Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Осы уақытқа дейін бөлім мамандарының ықпалымен 3,5 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Қалада ай сайын жәрмеңке өткізу бұл бағытта оң нәтижесін беріп отыр.
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенттер сарайында өткен шараға қала бойынша 30 мекемеден алдын ала 380 бос орынға сұраныстар келіп түсті. Оның ішінде құрылысшылар, механизаторлар, агрономдар, күзетшілер, жүргізушілер, аспазшы, зоотехник, қойма меңгерушісі, токарь, дәнекерлеуші, электрик, бухгалтер, мұғалімдер (ағылшын тілі, физика), лаборант, экономист бар.
– «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес ай сайын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде. Аймақ экономикасының нығаюына ықпалы зор, тұрғылықты халықты тұрақты еңбекпен қамтуды көздеген шара алдағы уақытта жалғасын таппақ, – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: