Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА 19 ТҮЛЕК «АЛТЫН БЕЛГІ» АЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДА 19 ТҮЛЕК «АЛТЫН БЕЛГІ» АЛДЫБүгін Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов «Алтын белгі» иегерлерін қабылдады.
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен қабылдауда аудан басшысы үздік көрсеткіштерге жеткен «Алтын белгі» иегерлерін шын жүректен құттықтап, осының барлығы ұстаздар қауымының еселі еңбегінің арқасында екендігін айта келіп, түлектердің еліміздегі үздік деген жоғары оқу орындарына түсіп, білікті маман болып шығып, еліміздің, ауданымыздың өсіп-өркендеп, көркеюіне, зор үлестерін қосады деген лебізін жеткізді.
Осындай жүрекжарды лебізінен соң жоғары көрсеткіштерімен ауданымыздың, ата-аналарының, ұстаздарының мерейін үстем еткен биылғы оқу жылында оза шауып, бәйге алған «Алтын белгі» иегерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен гүл шоғы салтанатты жағдайда табыс етілді. 
Айта кетейік, биыл Жаңақорған ауданы ҰБТ көрсеткіші бойынша облыста 83,3 баллдық көрсеткішпен үздік екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, 2014-2015 оқу жылы – 10 «Алтын белгі» үмітті ақтаса, биыл 19-ға жетті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: