Қазалы ауданында ауыл шаруашылығын қолдау «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша былтырғы жылы 2700,0 мың теңге көлемінде несие алып, кондитерлік өнімдерді шығару үшін құрал-жабдықтар сатып алған. Қазіргі таңда наубайхана етіп ашып, халыққа нан және кондитер өнімдерін өндіріп қызмет көрсетіп отыр.
Наубайхана 2014 қазанда ашылды, онда күніге 110 нан дайындалады, халықтың сұранысы бойынша тапсырыс қабылдап таттілер дайындаймын. Наубайхана жанынан ашылған аралас заттар дүкен жұмыс жасайды. Нан пісіретін аппарат Қытайдан әкелінген, қарамағымда ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс жасайды. Кәсібімді одан ары дамытып, бірнеше ауыл тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етсем, - дейді кәсіпкер.Құдабаев Нұрбек Асанұлы 1976 жылы Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Алматы қаласындағы «АТУ» АК технология-экономикалық колледжіне түсіп, «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» мамандығын 2013 жылы алған. Отбасылы, үш баланың әкесі.