Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сақтық шараларын ұстану қатаң бақылауда

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеп жатқандардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дезинфекциялық шараларды күнделікті жүргізуде. Карантиндік режим қатаң сақталынып, ішкі және сыртқы аймақтар дезинфекциялануда. Жатақхана, өндірістік орындар, асханада санитарлы жұмыстар міндетті түрде күнделікті жүргізіліп тұр.
Аймақтар тазартылып, бөлмелер желдетіліп, маска режимі қатаң сақталынып отыр. Сонымен қатар, дезинфекциялау мақсатында тоннель компрессорге қосылды. Бұл дезинфекциялау тоннелі мекеменің бақылау өткізу алдына орнатылды. Мекемеге келушілер тоннель арқылы өткен соң, мекеме ішінде де,сыртында да қауіпсіз қалыпта болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: