Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сақшылар «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасын өткізеді

Сақшылар «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасын өткізеді2015 жылдың 20 тамыз-10 қыркүйек аралығында автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау мақсатында кең көлеміді «Абайлаңыз - балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабаралуынша, аталған іс-шараға Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылып, жергілікті атқарушы органдары, білім, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерімен тиісті жұмыстар жүргізіледі. 
Профилактикалық шара аясында жаңа оқу жылының басталуына арналған жалпы мектептік жиындарын, қауіпсіз жол қозғалысы сабақтарын, «Бірінші сыныпқа барғандарды жаяу жүргіншілер қатарына қосу», «Біз жолдардағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» тақырыптық іс-шараларын, сонымен қатар, көлік жүргізушілеріне автомобиль салонында балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздігін белдігін және балаларды ұстап тұратын құрылғыларды қолдану қажеттігін түсіндіру мақсатында «Сіздің жолаушыңыз – бала!» атты профилактикалық акциясын өткізу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, білім беру органдарымен, жол қозғалысының жас инспекторы жасақтарымен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөлік құралдары жүргізушілеріне жадынамалар, жол тақырыбына жазылған балалар шығармалары таратылып, насихаттық акциялары ұйымдастырылатын болады. Аталған іс-шара қыркүйек айының 20-на дейін жалғасатын болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: