Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫҚызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың төрағалығымен "Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия" отырысы өткізілді. Бұл жөнінде Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ведомствоаралық комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес "Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы" жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Шүкіров және "Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық шаралар туралы" қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев баяндама жасады. 
Жиын соңында қала әкімі жасөспірімдерге қатысты қылмыстардың алдын алу мен болдырмау мақсатында бірлесіп жұмыс жасауды қатаң тапсырып және бұл бағытта тиісті тараптарға тапсырмалар жүктеліп, оның орындалуын бақылау қажеттігі айтылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: