Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өнімдер қауіпсіздігін мониторингілеу барысында 17 сәйкессіздік анықталды

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарымен өнімнің қауіпсіздігін тексеру аясында ағымдағы жылдың қараша айында  сауда орындарынан барлығы 187 сынамасы сатып алынып, зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.


Мониторинг шеңберінде сараптама жүргізуге іріктеп алынған өнімдердің басым үлесі, яғни 78,6%  - тағам өнімдері және 21,4% - тамақ емес өнімдердің үлесінде. Оның ішінде отандық өнімдер көрсеткіші – 34,2%, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өнірілген өнімдер - 53,5%   және өзге елдерде өндірілгендері- 12,3% .   
Зертханалық сараптамаға тағам өнімдерінен құс еті мен сүт және сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, ұн және жарма, балық өнімдері,  жеміс шырындары алынса, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінен тіс щеткасы мен балалар ойыншықтары алынды. 
Жүргізілген сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімдердің 17 үлгісі, яғни 9,09% техникалық регламенттердің талаптарына сай келмей шықты. Атап айтқанда, бройлер балапанының жон етінен ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталды. Бұл ретте тұтынушыларға мал етін, құс етін пайдаланар алдында міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізуге кеңес береміз. Себебі бұл тағам арқылы келуі мүмкін қауіпті төмендетуге ықпал етеді. Бұдан бөлек, Ресейде өндірілген қанатты бройлер жартылай фабрикатынан физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталды, яғни ылғалдылық көрсеткіштері нормадан жоғары болып шықты. Таңбалануы бойынша 15 сынамадан сәйкессіздіктер тіркелді, яғни өндіруші туралы мәліметтер, өнімнің шыққан уақыты, салмағы туралы ақпараттар көрсетілмеген. Сәйкессіздіктер анықталған өнімдердің басым көпшілігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген  өнімдер үлесінде.  
 Кеден одағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша 7 сауда объектісіне Қазақстан Республикасының  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөніндегі нұсқамалар берілді. Сәйкессіздік анықталған отандық өнімдер бойынша өндірушілерге тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілді. 
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімдерден анықталған сәйкессіздіктер жөнінде толық ақпарат http://reestr-np.kz/kaz/ сілтемесі бойынша қолжетімді екенін еске салады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: