Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысынан мұнайдың мол қоры табылуы мүмкін

Қызылорда облысынан мұнайдың мол қоры табылуы мүмкінҚойнауында пайдалы қазбалар қоры жеткілікті болса да, Қызылорда облысында геологиялық барлау жұмыстары 20 жылдан бері жүргізілмеген. Осы бағытта бүгінде жер қыртысын терең зерттеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Нәтижесінде 4 жоба жасақталып, қазіргі таңда Қармақшы ауданындағы Ақбұлақ ұңғымасы бұрғылануда. Мамандар жер қыртысының төменгі қабатынан мұнайдың мол қоры табылатынынан үмітті. Тіректі-параметрлік ұңғыма тәулік бойы үздіксіз қазылады. 2 ауысым бойынша жұмысқа қабылданған 80 адам бұрғылау жұмыстарын 3 жарым мың метр тереңдікке дейін жүргізеді.
Ғалым Әміреев, облыс әкімінің орынбасары: - 3 жарым мың метр жер арнайы зерттеуден өтеді. Бұл жерден тек қана мұнай емес, газ да шығуы мүмкін. Басқа да шикізат түрлері шығуы мүмкін. Сондықтан болашағы зор. Геологиялық-геофизикалық барлау жұмыстары сондай-ақ Сырдария, Шиелі, Жаңақоған аудандарында да жүргізілуде. Әсіресе қарт Қаратаудың қойнауында пайдалы қазба байлығы жетерлік. Бүгінде Ақжар және Дарбаза рудалы кеніштерінде тау-кендік іздеу-бағалау шаралары басталған. Шәкизат Қалбергенов, аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы: - Қазіргі кезде біраз учаскелерде алтын шығып жатыр. Оған ары қарай жұмыстар жүргізіліп, зерттеп, қорын үлкейтеміз деген үміттеміз. Табылған пайдалы қазбалар облысымызды, экономикамызды ары қарай өркендетуге біраз үлесін қосады деген үміттеміз. Шикізат қорларын анықтаумен бірге облыс аумағындағы жерасты су көздерін тауып, тиімді пайдалану жұмыстары да қатар жүргізілмек. Жалпы бұл мақсатта 5 миллард теңге жұмсалмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: