ҚЫЗЫЛОРДАДАН ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ 75 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСАДЫ
Алдағы жылдың ең айтулы оқиғасы «ЭКСПО-2017» көрмесі екені белгілі. Сыр өңірінен бұл шараға 75 мың адам қатысады деп межеленіп отыр.
Бұл туралы облыстық әкімдігіндегі аппарат мәжілісінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл күнде облыс бойынша көрмеге дайындық жұмыстары басталып кеткен. Басқарма басшысының айтуынша, өңір тұрғындарының көрмеге кіру кестесін әзірлеп бекіту, көлікпен қамтамасыз ету, туристер пакетін қалыптастыру, көрменің электрондық билеттерін сату бойынша тағы басқа да дайындық жұмыстары басталған.