Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОРТАҚШЫЛДА ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ӨНДІРІСІ ДАМЫМАҚ

ОРТАҚШЫЛДА ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ӨНДІРІСІ ДАМЫМАҚОртақшыл елді мекенінде ұлттық тағамдар өндірісі дамуда. Бұл туралы аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев пен Ортақшыл ауылдық округінің әкімі М. Ақпанбетовтің тұрғындармен есепті кездесуінде айтылды.
Былтырғы жылы ауыл кәсіпкерлері мемлекеттік бағдарламалардың көмегін тиімді пайдаланған. Нәтижесінде елді мекендегі "Алпысбай" шаруақожалығы 15 млн. теңге несие алып, 90 бас мүйізді ірі қара мен 4 асыл тұқымды бұқа алып, жаңадан 4 жұмыс орнын ашқан. Сондай ақ елді мекен тұрғыны, жеке кәсіпкер Қ. Қалмырзақызы гранттық қаржыландыру бойынша 700 мың теңге қаржы алып, бүгінде талқан, сөк, жент, қауыннан өнім өндіріп тұтынушыларға сапалы табиғи өнімдерін ұсынуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: