Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕ МЕРГЕН ҚЫЗДАР БАР

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕ МЕРГЕН ҚЫЗДАР БАР8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының кешенінде Макаров тапаншасынан атудан ішкі істер саласында қызмет ететін әйел қызметкерлер арасында сайыс өткізілді. 
Бұл шара қызметкерлердің спорттық даярлығын көтеріп, дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Жарысқа аудандық ішкі істер бөлімдері мен департаменттің қызмет салаларынан погонды қыз-келіншектер қатысып, оларға 25 метр қашықтықта қойылған нысаналарды белгіленген уақыт ішінде дәл тигізу талабы қойылды. Сайыс ішкі істер органдарындағы ең үздік мергеншіні анықтап қана қоймай, жалпы тәртіп сақшыларының кәсіби дайындығына талдау жүргізуге де мүмкіндік берді.
Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша І орынды 69 ұпай нәтижесімен Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі Кадр тобының инспекторы полиция майоры Ерғалиева Жанат иеленсе, ІІ орынға 65 ұпаймен Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Белгібаева Ақмарал тұрақтады. Ал сайыстың қола жүлдегері болып Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі Көші-қон полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Асылбекова Нағима танылды. 
Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қызылорда облысы бойынша «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы төрағасының дипломымен марапатталды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: