Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңа оқу жылына дайындық мәселесі талқыланды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымованы қабылдады.
Қабылдауда өңір басшысына жаңа оқу жылын қашықтан оқытуды ұйымдастыру, білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамту және білім нысандарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы баяндалды. 
Жаңа оқу жылында өңірдегі 243 мектеп қашықтан, ал қалған шалғай орналасқан және шағын жинақты 50 мектеп санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі түрде оқытылатын болады. 
«Жұмыспен қамту Жол картасы» шеңберінде республикалық бюджеттен 8 млрд.теңге бөлініп, аталған қаржыға облыстағы 52 білім нысаны жөндеуден өтуде. 
Сонымен қатар қабылдауда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектеп әжетханаларын ғимарат ішіне көшіру, білім беру ұйымдарын бейнебақылаумен қамту бойынша жұмыстар сөз болды.
Облыстағы 293 мектептің 69 пайызында, яғни 202 білім ошағында әжетхана ғимарат ішінде орналасқан. Қазіргі уақытта қалған 91 мектепте әжетхананы ішке көшіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.
Қабылдау соңында өңір басшысы жаңа оқу жылының дайындық жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: