Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада бір аптада үш адам суға кетті

Биыл Қызылорда облысының су айдындарында 14 оқиға тіркеліп, 15 адам қайтыс болды. Оның 6-уы бала.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев баяндады.
«Өткен аптада 3 бірдей қайғылы оқиға орын алды. Оның бірі Шиелі ауданының 8 сынып оқушысы, 2-ші жағдай Бәйгеқұм ауылының 1992 жылғы азаматы. Сондай-ақ, Сырдария өзенінде 1975 жылғы ер адамның өлі денесі табылды»,-деді Саид Шазындаұлы.
Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі - қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуынан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: