Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жас кәсіпкер химиялық тазалау жобасын қолға алды

Сырдариялық жас кәсіпкер Мұхтар Ешпанов – мемлекеттік бағдарлама бойынша грант алған. Кәсіпкер «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы ұйымдастырған қысқа мерзімді «Бизнес-бастау» курсынан өтіп, сертификат иесі ретінде өзі ұсынған бизнес-жоспарын ойдағыдай қорғап, нәтижесін көруде.
Ол халықтың тұрмысына қажетті, сұранысқа ие кәсіптің түрі – химиялық тазалау жобасын қолға алды. Өткен жылдың соңында қаржысын қолына алған кәсіпкер қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған. Оның негізгі кәсібі – автокөліктерді, жұмсақ жиһаздарды химиялық тазалаудан өткізу. Айта кету керек, мұндай қызметті тұрғындар бұрын-соңды қалаға барып пайдаланса, қазір ондай қызметті кент орталығынан да таба алады. Мұхтар аталған қызмет түрін қолға алуына ұзақ уақыт ізденуінің арқасында жеткенін айтады.
– Қажетті құрал-жабдықтардың жұмысымен танысып, түрлі химиялық қоспаларды, олардың негізгі қызметін, ерекшеліктерін меңгердім. Химиялық тазалауға қажетті қоспаларды облыс орталығынан табудың өзі қиын, Алматы қаласынан тапсырыспен алдырамын, – дейді Мұхтар Ешпанов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: