Бүгін Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов аудан тұрғындарының алдында қорытынды есеп берді.
Есеп беру жиынына облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы С.Имандосов, облыстық басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, дербес бөлім, мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.
Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі М.Тәжібай қоғамдық тәртіптің сақталуына байланысты атқарылған жұмыстар туралы баяндаса, Әйтеке би кентінің әкімі А.Ақжігітов кент көлемінде өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы хабарлады.
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгерістерге тоқталып, алдағы міндеттерді мәлімдеді.
Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 150 төсекке арналған аудандық аурухана құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысан іргетасы өткен жылы қаланған болатын. Жоба бойынша құрылыс биылғы жылы пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, 250 орындық аудандық емхана құрылысы да биыл басталатын болады.
Аудан тұрғындары әкімнің есебінен кейін ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстарға "өте жақсы" деген бағасын берді.