Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық кәсіпкер нәрестелерге арналған жүзу орталығын ашты

Қызылордалық жас кәсіпкер Лаура Рамазанова өңірде сирек кездесетін кәсіп бастаған. Ол «Бастау Бизнес» туралы басқа кәсіпкерлерден естіп, жобаға қатысады.
Сөйтіп нәрестелерге арналған жүзу және массаж орталығын ашқан.
«Пандемия кезінде кәсіп бастаған соң өте қиын болды. Ұйықтамаған да күнім болды», – деп бөлісті қызылордалық кәсіпкер.
Алайда Лаура ата-аналардың алғысынан кейін кәсібін тоқтатпай, әрі қарай дамытуға бел буып отыр. Лаураның бизнес-тренері Наталья Мишукова.
Айта кетейік, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен 5 жылда 11 243 азамат «Бастау Бизнес» жобасын оқыды. Бүгінде 6732 жоба қаржыландырылды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: