2016 жылы Жаңақорғанда спорт кешені пайдалануға беріледі
Аудан әкімі Руслан Рүстемов бастаған бір топ азаматтар Жаңақорған кенті орталығындағы жаңадан бой көтеріп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде келесі жылы пайдалануға берілетін 250 орындық емхана, спорт кешені, демалыс аллеясы бар. Сонымен қатар кентішілік газ құбырын жүргізу жұмыстарында өз көзімен көріп, жұмыс қарқынымен танысқан аудан басшысы ел игілігі үшін орындалып жатқан елеулі істерге сәттілік тіледі.
Айта кетейік, қазіргі таңда тұрғын үйге газ кіргізу бойынша құрылыс жобалау жұмысына өтініштер қабылдануда. Мекеме бөлімшесі кент әкімшілігі ғимаратының I-қабатында орналасқан.