Бүгін Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты облыс әкімі аппаратымен тікелей бейнеселекторлық мәжіліс өткізілді.
Жиын барысында жер қатынастары мен білім саласы бойынша көрсетілетін қызметтер қызу талқыға салынды. Ауданның шалғай ауылдары саналатын Атанши, Беларан ауылдық округ мамандары Т.Есенов, Р.Ерсұлтанұлы және Октябрь, Аралқұм ауылдық округтерінің мамандары Н.Жандаулетов, Е.Алдамжаровтар, сондай-ақ, Сексеуіл кенті, Қаратерең, Қарашалаң елді-мекендерінен келген мұғалімдер Н.Кенжебаева, Г.Құлдиярова, Б.Демеуовалар осы тақырып аясында көкейтесті сұрақтарын қойып, қажетті деңгейде жауаптар алды.
Талқылау кезінде облыс әкімі аппаратының жауапты құрылымдық бөлімінің өкілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердегі кейбір стандарттардың шикілігіне қатысты және аудан тарапынан қойылған жауабы толық емес, зерттеуді қажет ететін сауалдарға байланысты жоғарғы органдарға ұсыныстар жолданатынын жеткізді.