Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында ауласына есірткі еккен тұрғын ұсталды

Қызылорда облысында ауласына есірткі еккен тұрғын ұсталды.
 “Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Шиелі АПб-ның қызметкерлері бірлесіп жүргізілген жедел іс-шара барысында Шиелі ауданында үйінің ауласына 41 түп биіктігі 65-70 см болатын сора өсімдігін еккені үшін 46 жастағы аудан тұрғыны құрықталды. 
Сараптама қорытындысына сәйкес, заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы 5 келіге жуық сора өсімдігі болып шықты. Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. 
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен (Ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: