Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

 

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында барлығы 9 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Бұл туралы аталған басқарма басшысының орынбасары Ж. Айтжанова Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте БАҚ өкілдеріне баяндады. 
Нақтырақ айтқанда мына қызметтер; 
- «ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру», 
- «ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру», 
- «Ағаш кесу және орман билетін беру», 
- «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу», 
- «Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру», 
- «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру», 
- «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы», 
- «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру», 
- «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру».
Жалпы басқарма тарапынан 2016 жылдың 9 айында 1190 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтің мерзімі бұзылып көрсетілген фактілер болмаған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: