Қазіргі таңда кәсіпкерлік саласын дамытуда жан-жақты қолдау бар. Соған орай кәсібін дөңгелетіп жатқан тұрғындар қатары жетерлік.
Кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде «Ұн өндіру комбинатын іске қосу» жаңа инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда.
Тың жоба Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарында бекітілген.
Жоба инвесторы – «Аққұм Жер» ЖШС. Құны 80 млн теңгені құрайтын жобаның қуаттылығы – тәулігіне 60 тонна ұн өндіру. Осы жобаның аясында 15 адам жұмыспен қамтылмақшы.
Қазіргі таңда Түркия мемлекетінен өндіріс комбинатына қажетті құрал-жабдықтар алынып, жұмыстар жүргізілуде.