Жыл өткен сайын ата кәсіпті жалғастырып, төрт түліктен ризық- несібе айырған ағайын қарасы да қалыңдап келеді. Солардың бірі – «Байтуғанов Жали» шаруа қожалығы.
Бұл шаруа қожалықтың төрағасы – Жәли Байтуғанов. Арал ауданы Аралқұм ауылдық округі территориясында орналасқан.
Ол 2012 жылы шаруа қожалығын құрып, 2013 жылдан бастап Қазақтың ақбас сиыры тұқымын өсіруде. Бертін келе 2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша кәсібін әрі қарай дөңгелету мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалынан жоғары көлемде несие алып /6 пайызбен/, оған 105 бас тауарлы аналық сиыр сатып алған.