Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағаштық жастар ортақ істе белсенділік танытты

Жалағаштық жастар Құрылтай сайлауында белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады. Елдің бүгінгі дамуы мен болашақтағы бағытына бейжай қарамайтын жас буын маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысу арқылы азаматтық жауапкершіліктерін білдірді.

Жастардың айтуынша, Құрылтай сайлауы елдің ертеңін айқындайтын маңызды қадамдардың бірі. Себебі бүгін қабылданған шешімдер мен жасалған таңдау болашақ ұрпақтың өміріне, қоғамның дамуына және мемлекеттің келешегіне әсер етеді.
«Бүгін біз өз таңдауымызды жасай отырып, елдің болашағына деген жауапкершілігімізді білдірдік. Құрылтай – халықтың пікірін жеткізетін маңызды алаң. Сондықтан әрбір азаматтың таңдауы елдің ертеңін қалыптастыруға қосылған үлес деп есептейміз», – дейді жалағаштық жастар.
Елдің ертеңі бүгінгі таңдаудан басталады. Ал болашаққа бастар жол әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымынан қалыптасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: