Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалы ауданының әкімі базарлар мен сауда орындарын аралады

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі орталық базарды, сауда орталықтарын және дәріханаларды аралады.
Алдымен аудан басшысы «Талап» авто бекетіне барып, қоғамдық көліктердің жай-күйін білді. Мұнан соң аудан орталығындағы кент тұрғындары жиі баратын Қ.Мусаевтың жеке базары, «Ырыс-Болашақ» базары, «Ару Илия» сауда орталығы, «Несібелі», «Магнат» супермаркеттеріне барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасымен танысты.
Орталық базардың, сауда орталықтарының бағасын бағамдаған аудан басшысы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне, ауыл шаруашылығы бөліміне азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсуін болдырмауды және бірінші қажеттіліктегі нан, сүт өнімдерінің бағасына үнемі мониторинг жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайға сәйкес кауіпсіздік шараларды қатаң бақылауда ұстау қажеттігін де ескертті.
Мұнан кейін Мұхтар Әуесұлы «Нұр Мед» медицина орталығында болып, дәріханадағы дәрі-дәрмектердің қорымен және бағасымен танысты. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: