Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Байқоңырда мыс өнімдерін ұрлағандар ұсталды

Қызылорда облысында мыс өнімдерін ұрлағандар ұсталды. 
4 желтоқсанда полицияға Байқоңыр ғарыш аймағының алаңынан 30 келіге жуық мыс өнімдерінің ұрланғандығы жөнінде арыз түсті. Д
ереу жедел-іздестіру жұмыстарына кіріскен полицейлер осы ұрлықты жасауға күдікті ретінде Байқоңыр қаласының екі тұрғынын ұстады. 
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Полицейлер күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: