Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мұрат Ергешбаев – Қызылорда облысының әкімі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды.



Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Қызылорда облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты.  

Жиын барысында Мемлекет басшысының Қызылорда облысының әкімі лауазымына екі кандидатты: Ардақ Зебешев және Мұрат Ергешбаевты ұсыну туралы хаты оқылды.

Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 81% депутат  Мұрат Ергешбаевтың кандидатурасын қолдады. 19% депутат Ардақ Зебешевке дауыс берді.

ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып Мұрат Ергешбаев тағайындалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: