Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТЖД маманы АҚШ-та біліктілігін арттырды

ТЖД маманы АҚШ-та біліктілігін арттырдыТаяуда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет майоры Бақтияр Тұрманов білімдік сипаттағы бағдарлама бойынша аға басшы құрамға арналған біліктілікті жоғарылату курсынан өтті.
Оқу барысында оқу-тематикалық жоспар бағдарламасына сәйкес басшы құрам мен мамандардың біліктілікті жоғарылату ауқымында 30 оқу сағаттық бөлімдер мен тақырыптар қаралды.
Осы курстың оқыту мақсаты: төтенше жағдай аймағында авариялық- құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру барысында кәсіби және арнайы дайындық деңгейлерін көтеру болды.
АҚШ астанасы Вашингтон қаласының көрнекті жерлерін көрсету жоспарына сәйкес «Линкольн» мемориальдық кешені, «Вашингтон» мемориальдық кешені, Капитолия; Ақ үй, мадам «Тьюсо» мұражайы тамашаланды.  Оқу курсы соңында сұхбаттасу жүргізіліп, «Senior Crisis Management» сертификаты берілді. «Курстық оқу болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға дайындық кезінде жаңа әдіс-тәсілдерді жоспарлаудың мүмкіндігін берді»,-деді өз әңгімесінде Б.Тұрманов.

 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: