Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Су арналарына тазарту жұмыстары жүргізілуде

Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы тұсындағы 8,9 шақырым бөлігінің арнасын тазарту үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді, алдағы уақытта мердігер мекеме анықталып тиісті жұмыстар басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин мәлімдеді.
- Қармақшы ауданы бойынша Сырдария өзенінің «Белтақыр» учаскесінде ұзындығы 2 300 метр және «Сарыөзек» учаскесінде ұзындығы 1 500 метр болатын қорғаныс бөгеттерін жөндеу және нығайту жұмыстары. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің «Бумажник» учаскесінде ұзындығы 600 метр қорғаныс бөгетін жөндеу және нығайту жұмыстары жүргізілуде,- деді сала басшысы.
Бұған қоса,  5 учаскені қалпына келтіру  үшін жұмыстар басталды. 
Атап айтқанда: 
1) Арал ауданы, Құмбазар елді мекені тұсындағы «Кеңесарық» каналының ұзындығы 4 340 метр ұлтанын тазалау;
2) Арал ауданы, Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзенінің «Жүсіпәлі иіні» учаскесіндегі ұзындығы 500 метрлік қорғаныс бөгетін қайта қалпына келтіру;
3) Қазалы ауданына қарасты Сарыбұлақ учаскесіндегі су тоспасын қайта қалпына келтіру;
4) Жаңақорған ауданы, Жайылма елді мекеніндегі ұзындығы 21 073 метрлік «Жігерлім» тау каналын аршу, тазалау және қазу жұмыстары;
5) Жаңақорған ауданы, Құттықожа тау каналының ұзындығы 35 362 метр бөлігін аршу және тазалау жұмыстары.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: