Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жылу жүйелерін қайта жаңғырту қарқынды жүруде 

Жылу беру маусымына дайындық - күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Облыс әкімі Г.Әбдіқалықова өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат берді.
Аймақта алдағы жылу беру маусымында 1185 әлеуметтік сала нысандарына 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, ал жергілікті тұрғындарға 163,6 мың тонна көмір отыны қажет. Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісім-шарт жасалуда.
Қазіргі кезде коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 66%-ға, әлеуметтік сала нысандары 81%-ға дайын. Сондай-ақ, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығы бүгінде 70%-ды құрайды. 
«Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларымен Қызылорда қаласында 14 шақырым жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары іске асырылды. 
Облыс бойынша 19 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын газ отынына бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: