Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Елімізде геология саласы дамып келеді

Бүгін елімізде кәсіптік мереке – геологтар күні. Айтулы датаға орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Айбек Тлеуберген геология саласындағы жаңалықтармен бөлісті.
-Бүгінде геология саласы күннен-күнге дамып келеді. Жер асты қазба байлықтарды игеруде заманауи әдістер қолданылып, шикізат өндірісінің көлемі артты. Өңірдегі Қорқыт ата атындағы ҚУ 2018 жылы геология факультеті ашылды. Осы уақыт аралығында білім алушылардың саны артып, кәсіби мамандармен тығыз байланыс орнатты. Сонымен қатар облыстағы ірі өндірістік компаниялармен келісім шарттар жасалды. Қазіргі таңда біздің факультетте 50-ден астам білім алушы бар. Солардың арасынан бірнеше студент академиялық ұтқырлық арқылы  шет елдерге тәжірбие алмасуға жіберілді, - деді Айбек Тлеуберген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: