Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Заң қызметтерін тіркеуде қызметтерді автоматтандыру қарастырылды

Әділет департаменті өздеріне жүктелген міндеттерді шешу кезінде орталық және жергілікті органдармен және лауазымды тұлғалармен жұмыс жасайды. Онын ішінде, құқық қорғау және бақылау органы да бар.
Өткен жылы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуі электрондық форматқа көшірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы Ирина Бәкішева мәлімдеді.
« Мемлекеттік тіркеуден өту бұрын отыз күн болса , қазір бес жұмыс күніне дейін қысқартылды. Қазіргі таңда департаментте 12 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі. Сонымен қатар, Заң қызметтерін тіркеу саласында бірқатар мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру қарастырылды»,-деді Ирина Жұмабайқызы.
Баспасөз конференциясында департамент басшысы азаматтық хал актілерінің қызметінің ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуін бақылау және методикалық көмек көрсету функциясын атқаратынын да тілге тиек етті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 33 205 азаматтық хал актілері тіркелген.
Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап адвокаттар мен заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру институты жұмыс жасауда. Алдағы уақытта сапасыз заң көмегі көрсетілген жағдайда азаматтар сақтандыру төлемін алуға мүмкіндігі бар. Мұнан өзге, комуналдық қызметке, жал төлемдерінің қарыздарын өндіріп алу, төленбеген жалақы мн өзге де төлемдерді өндіріп алу бойынша сотқа жүгінбей, нотариусқа жүгінсе болатынын айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: