Жалақы деңгейінің ең үлкен өсімі Қызылорда облысында тіркелген
Жалақы деңгейінің ең үлкен өсімі Қызылорда облысында— 31,3%.
2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 24%. Өңірлер бойынша айлық еңбекақы ең көп Қызылорда облысы тұрғындарында көтерілген – 31,3%. Ең төмен өсім Нұр-Сұлтан қаласында байқалды – 14,2%, бұл ретте нақты мәнде (бағаның өсуін ескере отырып) 0,1 пайыздық тармаққа төмендеу байқалды.
Бюроның мәліметінше, жалақының өсуі барлық қызмет түрлерінде байқалған. 2021 жылға тиісті тоқсанмен салыстырғанда ең жоғары өсім – құрылыс – 35,5%-ға, көлік пен қоймалау – 34,8%-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу салаларында – 28,3%-ға байқалады, баяу қарқын денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 12,1%-ға және көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда – 3,9%-ды құрап отыр.