Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Судың организм үшін қауіпті екенін қалай білуге болады

Бөтелкедегі таза су ретінде сатылатын судың қалай жасалатынына қатысты сан түрлі пікір айтылып жатыр. Осы орайда ресейлік білікті маман Елена Саратцева мұндай суды ішпес бұрын не нәрсеге мән беру керек екеніне тоқталды деп жазады Прайм агенттігі. Бұл жөнінде kaz.nur.kz хабарлады. 
Оның сөзінше, ең алдымен судың түсі мен дәмін тексеру керек. "Егер түсі суға тән емес және жағымсыз иіс болса судағы микроағзалар көрсеткіші нормадан көп. Салдарынан асқазан-ішек жолдарына зақым келуі мүмкін", - деді Елена. 
Сарапшы бөтелке дұрыс жабылмаған болса да, күмән туындайтынын жеткізді. Ыдыстың материалы мен түсі де маңызды, дейді ол. 
Қаралау келген шыны бөтелке ең қауіпсіз. 
Полимерлік ыдыста су қызған кезде зиянды қоспалар пайда болуы ықтимал. 
Ал ашық түсті шыныға күн түссе зиянды болмақ. 
Еленаның айтуынша, жалған немесе мүлдем пайдасыз су да болады екен. Осыған мән беріп, сертификатын тексеру керек, дейді ол. 
Сонымен қатар, минералды немесе емдік сулардың кейбір түріне Еуразиялық экономикалық одақ сертификаты қажет. Егер ол болса, тауардың сапасы әлдеқайда жоғары деген мағынаны білдіреді екен. 
Еске сала кетсек, осыған дейін тіршілік көзі болып саналатын судың пайдасы туралы кеңінен ақпарат ұсынған едік. Ғалымдар адам ағзасының 65-75 пайызы судан тұратынын дәлелдеген. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: